Тоқаев Финляндия президентін елдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты Финляндияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Финляндияның Ұлттық мерекесіне орай Президент Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент Финляндияның тұрақты әрі өркендеген қоғам құру жолында елеулі жетістікке жеткенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-фин өзара тиімді серіктестігінің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді, - делінген Ақорда хабарламасында.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Финляндия халқына бақ-береке тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 2,7 трлн теңгеге азық – түлік өндірілді
Келесі жаңалық
Коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртек енгізілді
Өзгелердің жаңалығы