23 Тамыз 2026, 17:36 Фото: Ақорда

Тоқаев Еуропалық Кеңес Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Тараптар қазақ-еуропа стратегиялық серіктестігінің даму қарқынына көңіл толатынын атап өтіп, Мемлекет басшысының маусым айында Брюссельге жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға айрықша назар аударды.