Тоқаев ертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Премьер-Министр, күштік құрылым басшылары Ресейдегі қалыптасқан жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп береді. 

Жиында көрші достас мемлекеттегі ахуалдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына тигізетін ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы