Тоқаев Ердоғанның еңбегін ерекше бағалады

Қазақстан Түркияның дүниежүзіндегі дағдарыстар мен аймақтағы мәселелерді шешу жолындағы бастамаларын қолдайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді,  деп хабардлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз Түркия Президентінің сапарына айрықша мән беріп отырмыз. Сіз, халқыңыздың қолдауымен еліңізді алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшысыз. Сіздің сындарлы саясатыңыздың арқаңызда Түркияның әлемдегі абырой беделі арта түсті. Еліңізді дүниежүзі әлеуеті зор дамыған мемлекет ретінде біледі, құрметтейді. Түркия біздің ежелден еншісі бір, тамырлас туысымыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент Түркияның  ең жақын стратегиялық сенімді серіктесі екенін атап өтті.

Қос халықтың арасындағы бауырластық байланыс өзара тиімді қарым-қатынастың алтын діңгегі. Бұл іске сіз орасан зор үлес қосып келесіз. Мен оны жоғары бағалаймын. Әсіресе, туысқан елдерге ортақ мүддеге ұйыстырып тамырымызды тереңдету үшін ерекше еңбек сіңіріп жүрсіз. Бастапқы қарапайым ұйым ретінде құрылып, кейіннен толыққанды ұйымға айналған Түрік мемлекеттер ұйымы осының айқын дәлелі. Одан бөлек бітімгершілік рөліңізді ерекше атап өткім келеді. Біз сіздің дүниежүзіндегі дағдарыстар мен аймақтағы мәселелерді шешу жолындағы бастамаларыңызды қолдаймыз, - деді Мемлекет басшысы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы