Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Елена Рыбакинаның жетістіктерін мақтан тұтатынын жеткізді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы (US Open) жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы қазақстандық теннисшінің бұл жетістігі оның әлемдік теннистегі жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті.
«Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз», – делінген Президент құттықтауында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Елена Рыбакинаның жетістіктерін мақтан тұтатынын жеткізді.
«Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын!» – деді Мемлекет басшысы.
Президент сондай-ақ Рыбакинаның кәсібилігін өскелең ұрпаққа үлгі ретінде атап өтті.
«Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге», – делінген құттықтауда.