Тоқаев Елбасы туралы заңның күшін жойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы өзге де бірқатар заңға қол қойды.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.