Президент: Экономикалық ахуалды реттеу үшін Үкімет барлық жағдайды жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев КВИ індетінің ІІ толқынына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізу барысында еліміздің экономикалық ахуалы жөнінде айтты.

Жалпы біз елде экономикалық белсенділіктің жаппай құлдырауы қатерін еңсердік. Бұл жерде Үкіметтің жақсы жұмыс атқарғанын айта кету керек. Үкімет бизнесті ынталандыруға қадам жасады. Сондай-ақ әлеуметтік жағынан осал топтарға көмек көрсетілді. Дүниежүзілік банк елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасына жоғары баға берді, - деді ол.

Президенттің айтуынша, коронавирустың екінші толқыны әлем бойынша жаңа міндеттер қойып отыр.

Бұдан бөлек, пандемияның екінші толқыны әлем бойынша жаңа міндеттер қойып отыр. Үкімет тиісті іс-шаралар жиынтығын дайындап, келесі жылы дағдарысқа қарсы шараларды жалғастыру үшін қажетті ресурстарды дайындауы тиіс. Менің тапсырмам бойынша коронавирустық инфекцияның екінші толқыны және елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлауы болған жағдайда қолға алынатын кешенді жоспар әзірленді. Алайда, қазіргі кезде болып жатқан қауіп тудыратын жайттар, атап айтқанда Ресейге санкциялық қысымның күшеюі, Кавказ сыртындағы, көршілес елдердегі жағдайдың шиеленісуі, сондай-ақ сыртқы факторлар дағдарысқа қарсы жоспарлар мен болжамдарды дұрыс құруды талап етеді. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп жоспардың өзектілігін арттырып, оны қазанның соңына дейін Әкімшілікке келісуге жіберуі қажет, - деді Тоқаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы