Кеше 2026, 21:12 Фото: akorda.kz

Тоқаев: ЕАЭО – жай ғана өңірлік интеграциялық бірлестік емес, жаһандық экономиканың маңызды субъектісі

Мемлекет басшысы ең алдымен, осы өте маңызды іс-шараға қатысқаны үшін Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттердің басшыларына, байқаушы елдердің көшбасшыларына және барша қонақтарға шынайы ризашылын білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық сессиясында сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы ең алдымен, осы өте маңызды іс-шараға қатысқаны үшін Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттердің басшыларына, байқаушы елдердің көшбасшыларына және барша қонақтарға шынайы ризашылын білдірді.

Еуразия экономикалық форумы еуразиялық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелері бойынша кәсіби әрі нәтижелі диалогтың тиімді алаңы ретінде кеңінен танылған. Бүгін ортаға салған идеялар, бастамалар мен ұсыныстар Интеграциялық одақ аясындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа тың серпін беретініне сенімдімін. ЕАЭО – жай ғана өңірлік интеграциялық бірлестік емес, жаһандық экономиканың маңызды субъектісі екенін түсінген жөн, – деді ол.

 
 
Қазақстан Президенті геосаяси дүрбелеңдер кезеңінде өтіп жатқан форумның өзектілігіне назар аударды.
 
Бұрын-соңды болмаған геосаяси дүрбелеңдер кезінде мемлекеттеріміз үйлесімді іс-қимыл арқылы экономикаларының орнықты дамуын, әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алды. Қазір біздің алдымызда Еуразия экономикалық одағының әлеуетін одан әрі арттырып, қарқынды дамыту жөнінде стратегиялық маңызды міндет тұр. Дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының бағдары жаппай өзгеріп жатқан кезеңде біз теріс сипаттағы жаһандық үрдістерге төтеп беру үшін күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Әлемдік нарықтағы ахуал күрделі, тіпті көп жағдайда болжап біле алмайсыз. Өзімізге етене таныс экономикалық сынақтарға қоса, цифрлық салада ауқымды өзгерістер болып жатыр. Бұл көп ұзамай "ойын ережесін" толықтай жаңартады. Осыған орай бүгінгі форум тақырыбының өзектілігі арта түсті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.