Тоқаев ЕАЭО-ның әлеуеті жайлы айтты
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында өткен форумда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан мен Ресей ауыл шаруашылығы өндіретін ірі өндірушілер. Олар бидай экспорты бойынша әлемдік 10 көшбасшының қатарына кіреді. Біздің елдердің үлесіне әлемдік жерлердің 10 пайызы мен жайылымдардың 9 пайызы тиесілі. Соңғы уақытта жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне климаттың өзгеруі мен саяси-экономикалық тұрақсыздық пен жеткізулердің халықаралық тізбегінің бұзылуы әсер етіп отыр. Әлемде ашаршылықтағы және азық-түлікке мұқтаж адамдар саны 830 млн адамға жетті,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент бұл орайда БҰҰ 2050 жылға қарай әлемде халық саны тағы екі млрд-қа артады деп болжап отырғанын атап өтті.
Сарапшылардың бағалауынша, ЕАЭО елдерінің экспорттық ресурстық әлеуеті 600 млн адамды асырай алады. Бұл болжамдарды әбден шынайы деп айтуға болады. Тек Қазақстанда соңғы 5 жылда ауылшаруашылығындағы ІЖӨ екі есеге өсті. Ауыл шаруашылығының экспорты екі есеге артып, 6 млрд долларға жетті. Біздің ауыл шаруашылық өнімі әлемнің 80 еліне жеткізіледі. Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексінде Қазақстан 113 елдің ішінен 32 орын алды. Осылайша, біз АӨК-ні кезеңдеп дамытып жатырмыз,- деді Мемлекет басшысы.
Бүгін таңертең Ресей басшысы Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ақордада қарсы алды.
Екі ел президенттері Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысып жатыр.