Тоқаев: ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының сөзінше, кез келген істі қолға алғанда әрдайым қазіргі проблемаларды ғана шешіп қоймай, келешектегі жұмысты да жоспарлау керек екені сөзсіз. 

Енді Одақты дамытудың жаңа басымдықтарын айқындау қажеттігі туралы сұрағыңыздың екінші бөлігіне тоқталып өтейін. Кез келген істі қолға алғанда әрдайым қазіргі проблемаларды ғана шешіп қоймай, келешектегі жұмысты да жоспарлау керек екені сөзсіз. Сондай-ақ айналадағы жағдайдың өзгеруіне байсалды қарау керек. Мұның бәрінің берік негізі болуға тиіс. Іргетасы неғұрлым мығым болса, соғұрлым мықты әрі ұзаққа төзімді ғимарат салуға болады. Ал біздің Одақтың іргетасы не? Одақ туралы келісімді толыққанды жүзеге асыру негізгі мәселе және солай бола береді. Яғни, «төрт еркіндік» және инфрақұрылымға тең дәрежеде қол жеткізу, әділ бәсеке, тең құқық және ұлттық мүддені ескеру секілді негізгі қағидаттар мүлтіксіз сақталуы керек, - деді ол.

Сонымен қатар Президент экономикалық интеграция түпкі мақсат емес екенін атап өтті. 

Экономикалық интеграция түпкі мақсат емес. Бұл тек ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын дамытудың және халықтарының әл-ауқатын жақсартудың бір құралы екенін түсіну маңызды. Сондықтан экономикалық интеграцияның жетістігі стратегиялар, келісімдер және шешімдердің санымен емес, керісінше, жаңа өндірістер, технологиялар және жұмыс орындарымен бағаланады. ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие, - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаевтың Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Мәскеуге барғаны хабарланды. Президент Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына қатысу үшін «Зарядье» концерт залына келді. Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы