Тоқаев Діндер съезінде марқұм Рим Папасын еске алды

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дінаралық диалогтың маңызы туралы сөз болғанда марқұм Рим Папасы Франциск туралы айтпай кетуге болмайды. Ол 2022 жылы Астанаға арнайы келіп, дін көшбасшыларының VII съезіне қатысқан еді. Бұл оқиға оның жаһандық маңызын арттыра түскені анық, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ол съез жұмысына қолдау білдірген қазіргі Рим Папасына алғыс айтты.

Съез жұмысына қолдау білдірген қасиетті Рим Папасы XIV Леоға шынайы алғысымызды білдіреміз. Біз оған дінаралық келісімді нығайту жолындағы бастамаларына зор құрметпен қараймыз, - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы