Бүгiн 2026, 18:15 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Тоқаев "Digital Qazaqstan" стратегиясын бекітті

Қазақстанда цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуға бағытталған жаңа стратегия бекітілді. Құжатта қандай міндеттер көзделгені жақын күндері белгілі болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Жарлықтың толық мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

«Digital Qazaqstan» стратегиясы елімізде цифрландыру үдерістерін жеделдетуге және жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуге бағытталған.

Жарлықтың мазмұны мен онда көзделген негізгі бағыттар құжат ресми жарияланғаннан кейін белгілі болады.