Тоқаев Давоста бірқатар кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен, Премьер-министр Никол Пашинянмен, Индонезия Президенті Прабово Субиантомен, Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен, АҚШ Сауда министрі Говард Латникпен және ФИФА президенті Джанни Инфантиномен аз-кем әңгімелесті.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.

Ал сарапшылар Трамп құрған "Бейбітшілік кеңесі" Қазақстанға не береді? деген сауалға жауап берген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы