Тоқаев: Дәрігерге қол көтергендер қылмыстық жауапқа тартылады
Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі.
Президент медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы пікір білдірді.
Қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам маман қызмет етеді. Олардың мәртебесін көтеру және беделін күшейту еліміз үшін басымдыққа ие міндет болып қала береді. Дәрігерлердің қауіпсіздігін қатаң қадағалау жұмысы айрықша назарда болуға тиіс. Осы мәселеге былтыр кәсіби мереке қарсаңында өткен жиында арнайы тоқталдым. Сол себепті мен осы жылдың басында медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы Заңға қол қойдым. Бұл шешім қоғамымызда берік орнығып жатқан Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді, – деді Тоқаев.
- Трамп: Ормуз бұғазы АҚШ аумағына айналады 09:22
- Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Ақмарал Ерекешева 6-орын алды 08:53
- Индонезия жағалауында 7,6 балдық жер сілкінісі болды 08:27
- Қазақстан Өзбекстанда өткен V халықаралық экологиялық Құрылтайға қатысты 08:08
- АҚШ-та бензин бағасы 4 доллардан асты: Трамп кешірім сұрамайтынын мәлімдеді 07:48
- Қазақстанда бір тәулікте орман қорында 10 өрт тіркелді 07:13
- Балалар стоматологиясындағы кезек мәселесі: Өңірлерге нақты тапсырма берілді 06:36