Тоқаев CITIC Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев CITIC Group компаниясының басқарма төрағасы Чжу Хэсинді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысына бүгін CITIC компаниясы энергетика және мұнай химиясы өнеркәсібі салаларындағы жобаларды бірлесіп іске асыру үшін қазақстандық әріптестерімен бес коммерциялық құжатқа қол қойғаны туралы мәлімет берілді.

Келісімдердің жалпы көлемі 1,6 миллиард доллардан асады.

Қасым-Жомарт Тоқаев CITIC Group компаниясы Қазақстанның сенімді инвестициялық серіктесі екенін атап өтіп, кәсіпорынға табыс тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы