Бүгiн 2026, 20:20
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барды: ЕО басшыларымен келіссөздер және маңызды құжаттар күтілуде
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барды. Ертең ЕО басшыларымен кездесіп, бірқатар бірлескен құжатқа қол қойылады. Сапардың егжей-тегжейі материалда.
Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі, - делінген хабарламада.
Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.