Тоқаев Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы маңызды әрі сенімді серіктесі екеніне назар аударып, дәстүрлі достық рухындағы ынтымақтастықтың ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы өзара байланыстың нығая түсетініне сенім білдіріп, Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, барша Бразилия халқына құт-береке тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
US Open: Анна Данилина миксте финалға жолдама алды
Келесі жаңалық
Міндетті талап: Грузияға баратын шетелдіктер нені білуі тиіс
Өзгелердің жаңалығы