7 Қыркүйек 2025 2025, 09:16 Фото: Ақорда

Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - делінген хабарлама.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты қызметіне табыс, ал Бразилия халқына құт-береке тіледі.