Бүгiн 2026, 15:32
Фото: Ақорда
Тоқаев Болгарияның премьер-министрін құттықтады
Мемлекет басшысы Болгариямен ынтымақтастықтың нығая түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысы жеделхатта Румен Радевті «Прогрессивті Болгария» коалициясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Болгария Республикасының премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа құрылған ынтымақтастық бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі беки түсетініне сенім білдірді, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Румен Радевтің аса жауапты қызметіне табыс, ал Болгария халқына құт-береке тіледі.