Тоқаев: Біз үйренетін ғана емес, үйрететін ұлт болуымыз керек

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Сапа» сыйлығын табыстау рәсімінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз үйренетін ғана емес, үйрететін ұлт болуымыз керек. Тұтынатын емес, өндіретін мемлекет болуымыз қажет. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. «Қазақстанда жасалған» деген таңба ең мықты сапаның, ең жақсы өнімнің белгісіне айналуға тиіс. «Алтын сапа» байқауының басты мақсаты – осы. Сонымен бірге, бизнес өкілдері халық алдындағы жауапкершілікті терең сезінуі керек. Адал азамат өз жағдайын ғана жасамайды. Ол туған ауылының немесе өзі жұмыс істеп жатқан аймақтың қамын да ойлайды. Мұндай кәсіпкерлер көпшіліктің қолдауына және алғысына ие болады. Шын мәнінде, туған елдің ықыласынан артық марапат жоқ, - деді Президент.

Оның айтуынша, «Парыз» байқауына қатысушылар биыл түрлі әлеуметтік жобаға белсене атсалысты.

Қайырымдылыққа 80 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсады. 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашты. Табысын елімен бөліскен осындай азаматтар жоғары құрметке лайық. Мен «Алтын сапа» және «Парыз» байқауына қатысқан кәсіпкерлерге ризашылығымды білдіремін!» - деп сөзін аяқтады Тоқаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы