1 Қыркүйек 2022 2022, 12:06
Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды
Президент биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Президент биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады, - деді Мемлекет басшысы.