Тоқаев Бішкекке барды: Президентті Жапаров қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына қатысу үшін Бішкекке барды. Оны Садыр Жапаров қарсы алды.
Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін «Бішкек Арена» стадионына барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров күтіп алды.
Еске салсақ, бұған дейін Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының 25 жылдығына арналған саммитінің іс-шаралары басталғанын хабарладық. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте өтетін негізгі отырысқа қатысады.
Бағдарлама екі күнге – 31 тамыз бен 1 қыркүйекке жоспарланған. Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы және «ШЫҰ +» форматындағы жоғары деңгейдегі кездесу екінші күні Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың төрағалығымен өтеді.
Бішкектегі ШЫҰ саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Президенттер сауда, инвестиция, энергетика және көлік жобаларын талқылады. Кездесуде Қазақстандағы саяси реформаларға да ерекше мән берілді.