Бүгiн 2026, 16:07 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Тоқаев бірқатар елшіні тағайындап, тағы бірнешеуін қызметтен босатты

Бұл кадрлық өзгерістер Қазақстанның сыртқы саяси қызметін күшейту және дипломатиялық байланыстарды одан әрі дамытуға бағытталған.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық корпусында бірқатар кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент шешімімен Асет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан енді Қазақстанның Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Айта кетейік, бұл кадрлық өзгерістер Қазақстанның сыртқы саяси қызметін күшейту және дипломатиялық байланыстарды одан әрі дамытуға бағытталған.