Тоқаев бірқатар елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті  Шавкат Мирзиёевпен, Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянмен, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен және Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев оларға Қазақстандағы қазіргі жағдай туралы және елімізде конституциялық тәртіпті қалпына келтіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.

Шетелдік көшбасшылар Қазақстан басшылығының жағдайды реттеу жөніндегі іс-қимылдарын қолдайтынын айтып, елімізбен арадағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендерін мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы