Бүгiн 2026, 16:33 Фото: Ақорда

Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады

Марапатқа әртүрлі салада табысты еңбек етіп, ел дамуына үлес қосқан азаматтар ие болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заң мен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Марапатқа әртүрлі салада табысты еңбек етіп, ел дамуына үлес қосқан азаматтар ие болды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ өзге де салаларда қызмет атқарып жүрген мамандар бар.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында сөз сөйлеген еді.