Тоқаев: «Бір белдеу, бір жол» жаһандық ауқымды жобаға айналды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде өтіп жатқан «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының жоғары деңгейдегі үшінші форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Президент «Бір белдеу, бір жол» бастамасының маңызды жоба екенін атап өтті. Жаңа жағдайда бұл бастама ең тартымды халықаралық жобаға және ынтымақтастықтың жаһандық алаңына айналды. Бұл Қытайдың күш-қуатын көрсетеді. Бастаманың нәтижесін де сезіндік. Дүниежүзілік қоғамдастық та мойындады деп ойлаймын, - деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы алғаш рет Қазақстанда ұсынылғанын да атап өтті. 

Бүгін бастама өзінің сұранысы жоғары екенін дәлелдеді. Әлемдік қауымдастық мойындады. Жаһандық ауқымды жобаға айналды, - деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде өтіп жатқан форумда. 

«Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының жоғары деңгейдегі үшінші форумы 17 қазанда басталды. Іс-шара Бейжіңдегі Халық мәжілісі үйінде өтіп жатыр. Қытай әлемнің барлық елінің модернизациясын жүзеге асыруға күш салуға дайын екенін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы