Тоқаев «Бір белдеу – бір жол» бастамасындағы Қазақстанның негізгі рөлін атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында Қазақстанның «Бір белдеу – бір жол» бастамасындағы негізгі рөлін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сондай-ақ экономикалық дамуға және өңірішілік байланыстарды нығайтуға ықпал ететін «Бір белдеу - бір жол» бастамасындағы Қазақстанның басты рөлін атап өткім келеді. Біз физикалық байланыстарды күшейтуге, нығайтуға тырысамыз. Сонымен бірге қоғамдастықтарымыз арасындағы байланыстардың нығайғанын қалаймыз, - деп айтты Президент.

Тоқаев осының бәрін ескере отырып, қазір Қазақстан шын мәнінде жаһандық, ең бастысы, сенімді сауда-экономикалық серіктес екенін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы