Тоқаев қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын 1 қыркүйек - Білім күні мерекесімен құттықтады.

"Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы оқушыларымыз бен студенттеріміз үшін жетістіктерге толы болсын. Цифрландыру заманындағы озық білім мен дағды – жастарымыздың жарқын келешегінің кепілі. Ұстаздардың игі қызметтеріне табыс тілеймін" - деп жазды мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін - 1 қыркүйек еліміз бойынша Білім күні аталып өтіп жатыр. 

Білім күні қарсаңында Нұр-Сұлтан Қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы жаңа мектептің ашылу салатанаты өтті. Оған ҚР Премьер-министрі Асқар мамин қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы