Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.  

Бұған дейін белгілі болғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 22 қаңтарда Дональд Трамптың арнайы шақыртуымен Швейцарияға жұмыс сапарымен барды. Давос алаңындағы бұл кездесу әлемдік лидерлердің бейбітшілікті сақтау жолындағы күш-жігерін біріктіруді көздейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы