Тоқаев: Берекелі әрі бақытты отбасы – қуаттың елдің тірегі
Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мерейлі отбасы ұлттық конкурсының лауреаттарына жолдаған құттықтауын оқыды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Мерейлі отбасы» байқауы жеңіпаздарын марапаттау рәсіміне қатысушыларға шын жүректен сәлем жолдаймын! Бұл отбасы институтының және отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ұлтымыздың әлеуетін арттыруға орасан зор үлес қосып келе жатқан бірегей жоба. Жыл сайын өткізілетін байқау шаңырағы шаттықа бөленіп, берекелі бірлік пен татулыққа ұйыған өнегелі отбасылар күллі елге танытады. Мұндай үлгілі әулеттер елімізде аз емес, өте көп. Халқымыз қай заманда отбасы дәстүрін берік ұстанып, қадірлей білген. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» біздің қанымызға сіңген қасиет. Әрбір азаматтың адамгершілік болмысын қалыптасуына отбасындағы ахуал айрықша әсер етеді. Әке-шешесінің, ата-әжесінің тәрбиесін көріп, үлкендерден тағылым алып өскен бала есейгенде отаншыл, білімпаз, еңбекқор азаматқа айналады. Берекелі әрі бақытты отбасы қуаттың елдің тірегі. Сондықтан мемлекет әр шаңырақтың әл-ауқатын арттырып, әр азаматтың өсіп өркендеуі үшін барлық жағдайды жасайды. Байқаудың жеңіпаздарын құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ береке тілеймін, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы.