21 Шілде 2026, 10:33
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаев Бельгия короліне жеделхат жолдады: Президент қандай маңызды мәлімдеме жасады?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филиппті құттықтап, Қазақстан–Бельгия ынтымақтастығына қатысты маңызды ой айтты. Жеделхатта тағы не жазылды?
Президент Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы бұл Бельгия халқының бірлігін айшықтайтын айтулы күн екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстанның Бельгия Корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін айтқан, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Сондай-ақ жақында Брюссельге жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергеніне назар аударған.
Президент Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Бельгия халқына бақ-береке тіледі.