Тоқаев Бельгия королі мен патшайымын шығарып салды: Сапар қайда жалғасады?
Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда елордадан аттанды. Корольдік отбасы енді Алматыда бірқатар кездесуге қатысады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильданы елорда әуежайынан шығарып салды.
Ақорданың мәліметінше, Корольдік отбасының мемлекеттік сапары бүгін Алматыда жалғасады.
Айта кетейік, кеше Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің IV отырысы өтті. Бельгия Қазақстан экономикасына 15 млрд доллардан астам инвестиция салған.
Қазақстан мен Бельгия мұнай-химия және металл өңдеу салаларындағы байланысты күшейтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика және мұнай химиясы салаларындағы ынтымақтастық перспективасына баса назар аударды.
Сондай-ақ, Астанада Қазақстан-Бельгия ректорлар форумы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Королі Филипп Ректорлар форумына қатысты.
Тағы оқи отырыңыз: AlemAi мен Alatau City: Тоқаев Бельгиямен бірлескен жобаларды ұсынды