Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілеттігін кеңейтті

2025 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қыркүйектен бастап ведомствоға жаңа міндеттер жүктеледі.

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ведомствоның жұмысына жаңа бағыттар қосылады.

Олардың қатарында:

  • мобилизациялық дайындық шаралары;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау;
  • мемлекеттік құпияларды қорғау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты заңға тәуелді актілерді әзірлеу бар.

Ал 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап агенттікке тағы екі функция беріледі:

  • салықтық жеңілдіктерді келісу;
  • көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларына қатысу.

Тиісті Жарлық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, ал жекелеген нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы