24 Мамыр 2025 2025, 10:35 Фото: Ақорда

Тоқаев Әзербайжан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Еске сала кетейік, былтыр Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 500 млн доллардан асты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әрiптестiк және одақтастық қарым-қатынас туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың басты бағыттарын қамтитын бұл тарихи құжат қазақ-әзербайжан байланысын дамытудағы маңызды кезеңнің басталғанын айқындап, көптеген сала бойынша өзара ықпалдастықты нығайтуға берік негіз қалады. Бірлескен күш-жігер арқылы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтып, екіжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін халықтарымыздың игілігі жолында пайдаланамыз деп сенемін, – делінген құттықтау жеделхатында.

Еске сала кетейік, былтыр Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 500 млн доллардан асты.