8 Қараша 2026, 11:03 Фото: Ақорда

Тоқаев Әзербайжан президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Әзербайжанның өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы рөлін атап өтіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент айтулы күннің Әзербайжанның мемлекеттілік тарихында ерекше мәнге ие екеніне тоқталып, өңір елдерінің мүддесіне сай Оңтүстік Кавказда ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызын атап өтті.

Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының деңгейін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.