Тоқаев Әзербайжан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиевті «Алтын Қыран» орденімен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам  Гейдар оглы Алиев «Алтын Қыран» орденімен наградталсын, – делінген Жарлықта.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 23 тамыз

                № 989

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы