Тоқаев: Аймақаралық туризмді дамыту – ынтымақтастықтың келесі басым бағыты

Президент бүгінде Қазақстан Ынтымақтастық кеңесіне мүше барлық мемлекет үшін визасыз режим енгізгендігін және Сауд Арабиясы астанасымен тікелей әуе қатынастарын жолға қойғандығын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент аймақаралық туризмді дамытуды ынтымақтастықтың келесі басым бағыты ретінде атады.

Орталық Азияның туристік әлеуеті зор. Мұны тиімді пайдалану қажет. Сондай-ақ туризм индустриясы – аймақ экономикасының тез дамып келе жатқан саласының бірі. Осыған орай туризмнің мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, сауықтыру және іскерлік салаларын бірлесе дамытуға дайынбыз. Бұл туристік бағытты ілгерілетуге ықпал етеді. Бүгінде Қазақстан Ынтымақтастық кеңесіне мүше барлық мемлекет үшін визасыз режим енгізді. Сонымен қатар сіздердің астаналарыңызбен тікелей әуе қатынастарын жолға қойды, – деді Мемлекет басшысы.

Президент сөзінің соңында ұсынылған бастамалар Қазақстанның өзара орнықты даму мен өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысын растайтынын жеткізді.

Сонымен қатар «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің» бірінші саммитіне Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Бахрейн Королінің гуманитарлық жұмыс және жастар ісі жөніндегі өкілі, Ханзада шейх Насер бен Хамад Әл Халифа, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Кувейттің Тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әмірлігінің Билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Оман Сұлтанаты Премьер-министрінің орынбасары, Ханзада Асад бен Тариқ Әл Саид, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Шығанақтағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Жассем Мұхаммед әл-Будауи қатысты.

«Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесі» бірінші саммитінің қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baq.kz
Өзгелердің жаңалығы