Тоқаев ауылдағы негізгі мәселелерді атады

Үкіметтің кеңетілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды дамытуға арналған жобаларға тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауылдық аймақтарды жан-жақты дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларының бәрін бір бағдарламаға біріктіру дұрыс шешім болмақ, яғни “Ауыл аманаты”, “Ауыл – ел бесігі” және тағы басқа бағдарламалар, – дейді Кемелұлы.

Тоқаев ауылды дамыту үшін үкімет пен әкімдерден жаңа, жүйелі әрі тың тәсілдер күтетінін айтты.

Жалпы ауыл шаруашылығында шешілмеген мәселелер аз емес. Фермерлер, сарапшылар түрлі түйткілдер туралы жазып жатыр. Мысалы, бордақылау орындары малсыз, жартылай бос тұр, себебі, мал көрші елдерге төмен бағамен сатылып жатыр. Ауылдағы ағайынның тұрмыс сапасына ықпал ететін барлық мәселеге баса мән беру қажет. Ауыл халқы қаржылық және мемлекеттік қызметтерден қол үзіп қалмауы керек. Қазір бұл міндет, негізінен, “Қазпошта” арқылы орындалып жатыр, – деді Президент.

Президент Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, пошта бөлімшелерінің шалғай елді мекендерде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы