26 Қазан 2026, 10:02 Фото: Ақорда

Тоқаев Аустрия президентін құттықтады

Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Ұлттық күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдіріп, Александр Ван дер Беленнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Аустрия халқына бақ-береке тіледі.