Тоқаев: Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн
Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн деп санаймын. Бұл жайында Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Президенттің сөзінше, бұл өзгеріс сол жердегі мәселелерді жедел шешу үшін қажет.
Бұдан бөлек, жергілікті бюджетке жиналатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығын аймақтардың өзіне беру мәселесін қарастыру керек. Бұл шара бизнестің дамуына үлкен серпіліс әкелмек. Ұсынылып отырған бастама өте маңызды. Келешекте аймақтардың табысты дамуына айрықша ықпал етеді. Сол себепті барлық әкім бюджетаралық қатынастардың жаңа үлгісіне көшу кезінде оның біртұтас мемлекетімізге тигізетін пайдасы және тиімділігі туралы ойлауы керек, - деді Мемлекет басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев халықты қарызға батырған банк жұмысын сынады
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы