Тоқаев әскерилер арасындағы өлімнің себебін анықтау үшін арнайы комиссия құруды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударды. 

Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды, - деп жазды Борт.

Мәліметке сәйкес осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: tengrinews.kz
Өзгелердің жаңалығы