Тоқаев әскери борышын өтеуден қашатын азаматтар туралы пікір білдірді 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы  Парламент Мәжілісінің отырысында мәлімдеді. 

Көптеген жас азаматымыз Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуден қашады. Әскери билетке ие болу жастардың мақтанышын тудырмайды және Отанға қызмет етудің белгісі саналмайтын болды. Армия қатарында қызмет ету, құқық қорғау саласында жұмыс істеу – айрықша миссия. Бұл Отан үшін жанын салуға бел буған азаматтардың саналы таңдауы. Жастарымызды әскери борышын өтеуге қалай ынталандыруға болатынын біз бүкіл қоғам болып ойластыруымыз керек, - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ел басшысы халқымыздың мықтылығын айта өтті.

Төл тарихымызда талай алапатты, ашаршылықты бастан кешірдік. Соңғы күндердегі қайғылы оқиғалар біз үшін тағы бір сынақ болды. Оны еңсеріп, тағы да мықты бола түсеміз, - деді Президент.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы