Тоқаев Ақордада Конго президентін қарсы алды

Ақорда Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоны салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессомен кездесті.

Салтанатты рәсімде қарауыл сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады.

Кейін екі ел президенті кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы