Тоқаев Ангела Меркельмен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.


Берлинде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия канцлері Ангела Меркель арасында келіссөздер басталды.  


Екі ел басшылары Федералды канцлер ведомствосы ғимаратының алдында салтанатты жағдайда кездесті. 



Шара барысында Қазақстан, Германия және Еуроодақ тулары көтерілді. Ангела Меркель Қазақстан президентін жылы шыраймен қарсы алды.


Бұған дейін, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапармен барғаны хабарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы