Кеше 2026, 22:10
Фото: BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановқа алғыс айтты
Мемлекет басшысы партия мүшелерінің жуырда өткен съезде жаңадан құрылған «Әділет» партиясының қатарына қосылу жөнінде қабылдаған тарихи шешімін де жоғары бағалады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошанов аталған қызметтегі нәтижелі әрі ел игілігі жолындағы еңбегі үшін алғыс білдірді.
Мемлекет басшысы партия мүшелерінің жуырда өткен съезде жаңадан құрылған «Әділет» партиясының қатарына қосылу жөнінде қабылдаған тарихи шешімін де жоғары бағалады.
Президенттің айтуынша, AMANAT партиясы елді жаңғыртуға, заң үстемдігін нығайтуға және Әділетті Қазақстан құруға елеулі үлес қосты.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев партияның отаншыл мүшелері жаңа саяси құрылым құрамында да мемлекет мүддесі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін жалғастыратынына сенім білдірді.