Бүгiн 2026, 10:01 Фото: Ақорда

Тоқаев Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Алжир арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжирдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Біз Алжирді араб әлеміндегі сенімді серіктестеріміздің бірі деп қарастырамыз. Берік достық пен өзара түсіністікке негізделген қазақ-алжир қарым-қатынастары халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін,– деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Алжир халқына құт-береке тіледі.