1 Қараша 2026, 10:02 Фото: Ақорда

Тоқаев Алжир президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Алжир президентін Ұлттық революция күнімен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. 

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунды Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне табыс, ал Алжир халқына құт-береке тіледі.