Тоқаев Алматыдағы жаралылар жатқан ауруханаға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Травматология бөліміндегі палаталарды аралап көріп, террорлық акті кезінде зардап шеккен азаматтармен әңгімелесті.
Президент жараланғандардың хал-жағдайларын сұрап, олардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, сондай-ақ дәрігерлермен сөйлесті. Күштік құрылымдардың зардап шеккен барлық қызметкеріне көмек көрсетіледі.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен азаматтардың бәріне дер кезінде жан-жақты медициналық көмек көрсетілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Омикрон» балаларда да ауыр өтіп жатыр – инфекционист
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы