Бүгiн 2026, 20:45 Фото: gov.kz

Тоқаев әлемдік рекорд жаңартқан Әсем Орынбайды құттықтады

Президент Алматыдағы Әлем кубогінде топ жарған Әсем Орынбайдың жеңісін жоғары бағалап, оның жетістігіне ерекше тоқталды.

Мемлекет басшысы стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік рекордты жаңартып, жеңіс тұғырына көтерілген спортшы асқан шеберлік танытқанын атап өтті. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Әсем Орынбайдың Әлем кубогі кезеңіндегі, сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарындағы табысты өнері елімізде нысана көздеу спортының даму деңгейі жоғары екенін көрсетеді.
 
Еске салсақ, бұған дейін стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатқанын хабарлаған едік.