Тоқаев: Алдымызда тұрған маңызды міндет – ауылды жан-жақты дамыту

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Сапа» сыйлығын табыстау рәсімінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы ауылды дамыту аясында «Ауыл аманаты» жобасы басталғанын атап өтті.

Ауылды дамыту – түптеп келгенде, бүкіл Қазақстанды дамыту деген сөз. Сондықтан биыл біз «Ауыл аманаты» жобасын бастадық. Ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін 100 миллиард теңге бөлінеді. Соның арқасында 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Келесі жылдан бастап бизнесті дамытуға арналған бірыңғай кешенді бағдарлама қолға алынады. Болашағы бар шағын және орта бизнеске басымдық беріледі. Яғни мемлекет өндірістік қабілеті жоғары және экспортқа өнім шығаратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді,-деді Президент.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы